Әйел кісі құрбысын қызғаныштың кесірінен өлтірген деген күдікпен ұсталды. Қанды оқиға Мәскеудің оңтүстік бөлігінде орын алған, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасап Elitar.kz.
"Тергеушілердің мәліметінше, 2018 жылдың 16 қарашасы күні кешкісін Мәскеу қаласының Ереван көшесінде орналасқан тұрғын үйдің пәтерінде әйел адам өз танысының мойнына пышақ сұғып алған. 1975 жылы туған азаматша алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", - деді РФ Тергеу комитетінің бас тергеу басқармасы жетекшісінің аға көмекшісі Юлия Иванова.
Қазіргі таңда тергеушілер күдіктіге қатысты тергеу амалдарын жүргізуде, оқиғаның толық себеп-салдары соның нәтижесінде анықталады.
ФОТО: www.kznportal.ru