18 наурыз, 19:50
Шымкент қаласы Жаңаталап елдімекені, Пазыл ата көшесінде тұратын К.Е. әйелі К.А-ға келіп, ащы сөздермен ұрыс жанжал тудырып, ақырында ұрып соққан. Жұбайының ар намысына тиетін былапыт сөздер айтып, қорлаған. Күйеуінің келсап еткеніне көндіге алмаған әйелі сотқа шағымданған.
Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 22.01.2019 жылғы қаулысымен, құқық бұзушы К.Е. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-1бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылған.
Алайда, қол көтеріп, ұрып соғып, ауыр сөздер айтып қорлаған күйеуіне әйелі кешірім беріп соттан аман алып қалған.
Сот мәжілісінде істі қарау барысында К.Е. 2018 жылдың 12 желтоқсан күні Шымкент қаласының тұрғыны К.Е. жұбайын ұрып соғып, әйелінің денсаулығына жеңіл дәрежелі зиян келтіргені анықталды. Сотта жәбірленуші ерлі-зайыптылар кәсіби медиатордың көмегімен жазбаша келісім негізінде өзара бітімгершілікке келуіне байланысты, жәбірленуші айыпталушыны жауаптылықтан босатуын сұрады.
Тараптардың бітімге келуіне байланысты іс өндірістен қысқартылды"-деп хабарлайды Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.
Автор:
Жанна Шоман