Ұсталған күдіктілер бақылау камераларын қызық үшін таспен ұрып сындырғанын алға тартты.
Оқиға Кентау қаласында орын алған. Иқан ауылының әкімі полицейлерге арызданған. Онда Шымкент көшесімен Жаңа Иқан көшелерінің қиылысында орналасқан әкімшіктің балансындағы жалпы құны 1 500 000 теңгені құрайтын 3 дана жол қозғалысын бақылайтын бейнебақылау камераларын белгісіз азаматтар сындырып кеткені көрсетілген.
"Аталған жайт бойынша Кентау ҚПБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК-нің 202-бабы "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осындай бұзақылықтарды жасаған күдіктілерді ұстау мақсатында Кентау ҚПБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды. Күдіктінің 3-еуі де жергілікті тұрғын, жас жігіттер болып шықты. Тергеу барысында күдіктілер қызық көру мақсатында, камераларды таспен атып сындырғандары мойындағды" делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметте.
Қазіргі таңда бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.