Қызылорда облысы аумағында 240 кг уран концентратын сату әрекетінің жолы кесілді.
ҚР ҰҚК өткізген арнайы операция нәтижесінде қылмыстық топтың 4 мүшесі қылмыс үстінде ұсталып, оларға Қылмыстық Кодекстің 283-бабының 2-бөлігі бойынша «радиоактивтi заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен заңсыз жұмыс істеу» күдік келтірілді.
"Ядролық физика институты мамандарының қорытындысы бойынша алынған уран концентраты қауіпті радиоактивті зат болып табылады. Көрсетілген заттың сәулелену деңгейі рұқсат етілген көрсеткіштен бірнеше есе артық және қоршаған орта мен халық денсаулығына қатерлі қауіп төндіреді (радиологиялық және токсикологиялық зардаптар).
Тергеу мәліметтері бойынша радиоактивті зат қылмыстық топ өкілдерімен ванадий кен орнын игеретін кәсіпорыннан ұрланған.
Басқа ақпарат сотқа дейінгі тергеу мүддесінде жария етілмейді" делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.