Қызылордада COVID-19 жұқтырғандар саны 24 адамға жетті

01 сәуір, 11:52

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қауіпті індетті жұқтырған тағы 6 адам тіркелді. Оның барлығы Қызылорда облысында анықталған.

1 сәуірдің сағат 11.50-дегі мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған саны 369 адамға жетті. Олар: Нұр-Сұлтан қаласы -184 адам, Алматы қаласында – 84 адам, Қарағанды облысында - 14 адам, Ақмола облысында - 16 адам, Атырау облысы - 16 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 8 адам, Ақтөбе облысында - 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 3 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 24 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 5 адам.