Оқиға кеше, 22 күні кешкі сағат сегіздер шамасында Жалағаш ауданында орын алды.
Бір қабатты ғимараттың құрылысы биыл шілде айында басталған. Аумағы 299 шаршы метрді құрайды.
Төтенше жағдай кезінде зардап шеккендер болған жоқ. Тек ғимарат айналасында тұрған үш автокөлікке материалдық шығын келген.
Ғимараттың неден құлағаны белгісіз, оны анықтау жұмыстары басталды.