Қызылордада жүгіруге шыққан кәсіпкер Тынымбай Баженов екі күннен бері табылмай жатыр.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 71 жастағы азамат 15 ақпанда таңғы сағат 05.00-тер шамасында дария бойында жүгіруге шығып, үйіне қайтып оралмаған. Бұл жағдай полиция басқармасында тіркеліп, жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. Егде жастағ тұрғынды іздеуге тек қана тәртіп сақшылары емес, еріктілер тобы да қатысуда.