Қызылордалық кәсіпкер өзін «крышевать» ету үшін департамент қызметкеріне пара бермек болған

26 қараша, 20:32

Заңсыз ойын бизнесін дөңгелеткен кәсіпкердің үстінен іс қозғалды, деп хабарлайды Elitar.kz.

Кәсіпкер Қызылорда облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкеріне 250 мың пара бермек болған. Осылайша ол департаменттің өкілі өзіне қамқоршылық танытуына ниет білдірген.

Облыстық Мемлекеттік кірістер департаментіндегілердің мәліметінше, оны ішкі қауіпсіздік басқармасындағылар ұстаған.

Қылмыстық істі Қызылорда қалалық №2 соты қарады. Сот үкімімен пара беруге ниет білдірген азаматқа бір жылға бас бостандығынан шеттеу жазасы тағайындалды.

ФОТО: fatua.kz