Қызылордалық полицей есірткі сатумен айналысқан

13 наурыз, 10:40

Учаскелік полиция инспекторы 10 наурыз күні ұсталды.

Қызылорда облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шарасы кезінде полицейдің есірткі затын өткізгені анықталған. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.