Полиция қызметінің кезекші бөліміне «Арай» мөлтек ауданында екі азаматтың қоғамдық тәртіп бұзғаны жөнінде хабарлама келіп түседі. Оқиға орнына жедел келіп жеткен полицейлердің заң талабына Қызылорда қаласының 30 жастағы тұрғыны бағынбаған. Онымен қоймай жас жігіт полиция қызметкерлеріне ар-намысына тиетін балағат сөздер айтқан.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Онда билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау жағдайы көрсетілген Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдары электрондық форматта сотқа жолданды», - деді Қызылорда облыстық полиция департаментінен.