«Көкнәр-2019» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Түркістан облысының полицейлері аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтаған азаматты ұстады, деп хабарлайды ТО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.
Бәйдібек ауданындағы мектептердің бірінде тарих пәнінен сабақ беретін жергілікті тұрғынның үйінің алдында орналасқан сарайдың ішінен 9 пакетке салынған есірткі затына ұқсас сөмке тәркіленіп алынды. Тағайындалған сот-сараптаманың қорытындысына сәйкес, есірткі құралы – кептірілген марихуанна болып шықты. Қаптаусыз салмағы – 9 кг-нан астам.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша (« Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу») тіркеліп, күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.