Шымкентте алаяқтық жасаған екі шенеунікке сот үкімі шықты

28 қараша, 13:37

Шымкентте Абай және Еңбекші аудандары әкімдіктерінің кәсіпкерлікті қолдау бөлімдерінің басшылары Ш.Нақыпбеков пен А.Әшірбековке қатысты қылмыстық іс аяқталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі хабарлады.

Екеуі де алдын ала сөз байласып, алдау жолымен әрекет ете отырып ұлттық сусындардың көше саудасын жүзеге асыруға рұқсат ету құжаттарын беру сылтауымен жеке кәсіпкердің 150 мың теңге сомасында ақшалай қаражатын алған, делінген ведомство хабарламасында.

Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотының үкімімен айыпталушылар алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 1 млн 800 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.