ТЖ кезінде шымкенттіктер 200-ден астам автокөлікті онлайн тіркеді

28 сәуір, 17:09

Қазақстанда енгізілген төтенше жағдай кезінде шымкенттіктер екі жүзден астам автокөлікті egov.kz портал арқылы тіркеді.

Естеріңізге сала кетейік, 26 наурыздан бастап Қазақстан бойынша ХҚКО және мамандандырылған ХҚКО жұмысы тоқтатылды. Ел тұрғындары мемлекеттік қызметтерді тек электрондық үкімет порталынан ала алады.
"Онлайн режимде қызмет алу механизмі қарапайым. Ол үшін Еgov.kz порталына кіріп, өтінімді толтыру және ЭЦҚ енгізу қажет. Төтенше жағдай кезінде онлайн режимінде 200-ден астам көлік құралы тіркелгенін атап өткім келеді. Алайда, бұл сан бірнеше есе артады деп болжап отырмыз, себебі азаматтар арнайы ХҚКО – ларға баруға және қала бойынша қозғалуға уақыт жұмсамай-ақ, қарапайым және жайлы шешімдерді таңдайды", - деді Шымкент қаласы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацияның баспасөз хатшысы Алтынай Татаева

Автокөлікті қайта тіркеу қызметі egov.kzпорталының "Көлік және коммуникация" бөлімінде қолжетімді. Оны онлайн алу үшін көлік сатушыға ЭЦҚ көмегімен порталда авторизациядан өтіп, сатылатын автокөлік туралы ақпаратты енгізу, айыппұлдардың және салық қарыздарының бар-жоғын тексеруге сұрау салу қажет. Кейін электрондық үкімет порталы арқылы төлем жасалады. Өтінімге ЭЦҚ енгізу керек. Осыдан кейін сатып алушы электрондық үкімет порталындағы өзінің жеке кабинетінде өтініммен таныса алады, онда айыппұлдарды тексергеннен кейін нөмірлік белгілер, техпаспорт және тіркеу алымы үшін мемлекеттік баж төлеуге көшуге болады. Сатып алушы мәмілені өзінің ЭЦҚ енгізу арқылы растайды. Оған мамандандырылған ХҚКО-ға тек мемлекеттік нөмір мен техпаспорт алуға ғана барады.