18 қаңтар, 13:15
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының қызметкерлері Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі Мереке Мұстафин (фотода) мен оның орынбасарын 3 миллион теңге пара алу барысында ұстады.
Мереке Мұстафиннің еңбек өтілі:
«СЭНС» ЖШС менеджері (1998-2001);
«Мұрагер-фирмасы» ЖШС бухгалтері (11.2001-10.2002);
Көкшетау қаласындағы №17 орта мектептің бухгалтері (11.2002-10.2003);
Көкшетау қалалық мәслихатының ревизиялық комиссиясының мүшесі, экономист, бухгалтер (10.2003-04.2005);
Ақмола облысы бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасының жетекші маманы - жетекші-бақылаушы-ревизоры (04.2005-02.2006);
Ақмола облысы бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы-бас бақылаушы-ревизоры (02.2006-06.2006);
Ақмола облысы бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасының бақылау бөлімдерінің бастығы (05.2006-04.2008);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы бастығының орынбасары (04.2008-08.2009);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы бастығының міндетін атқарушы (08.2009-12.2009);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының бастығы (12.2009-08.2011);
Ақмола облысы бойынша ревизиялық комиссияның төрағасы (08.2011-12.2017);
Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі.