20 ақпан, 16:33
Алматы облысына қарасты Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары ұсталды.
Ол 2017 жылы Алматы халықаралық әуежайының жақын маңнан 16 жер учаскесі құрылысының сызбасын заңсыз келіскен деген күдікке ілінді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет билікті және лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда.