Жол апатынан қаза тапқан Ақмола облысы әкімінің орынбасары соқтығыс кезінде рөлде болған

13 мамыр, 16:34

Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

"Көкшетау қаласынан 3 шақырым жерде "Петропавл – Нұр-Сұлтан" тас жолында 1974 жылы туған Көкшетау қаласының тұрғынының басқаруындағы джип жол жиегінде тұрған жұмыс істемейтін машина - асфальт төсегішпен соқтығысқаны туралы телефон-хабарлама келіп түсі.

Джиптің рөлінде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жомарт Нұркенов болған, Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", - деді Ақмола облысы полиция департаменті басшысының баспасөз хатшысы Гүлнара Пинчук.