Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі мен ҰҚК қызметкерлерімен Қызылорда облысы қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының бірінші орынбасары, әділет майоры пара алып жатқан жерінен ұсталды.
Ол өзіне бағынышты адамнан қызметі бойынша жалпы қамқорлық үшін айтарлықтай қомақты сомада пара алды деген күдікке ілініп отыр. Күдікті ұсталып, Қызылорда қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.