24 қараша, 10:00
Базаның қателігінен Қарағанды тұрғындарының жартысы салық төлемегендердің тізімінен бір-ақ шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Себебі, деректерді өңдеу кезінде төлеушінің тұрғылықты жері туралы дұрыс емес ақпарат көрсетілген. Нәтижесінде, төлемдер тиісті жерге жөнелтілмеген. Сонымен қатар, азаматтарға айыппұл салығы да есептелген.
Кәсіпкер Татьяна Луценко ай сайын салық төлеп және патент мерзімін ұзартып отырған. Алайда ол патентінің мерзімі шілде айынан бері ұзартылмағанын бүгін білді. Ол төлеген ақша ІІМ компьютерлік бағдарлама базасындағы қателіктерге байланысты басқа ауданға кетіп отырған. Мұндай жағдай Октябрь ауданының барық салық төлеушісінде кездесіп отыр. Бұл Қарағанды халқының жартысы деген сөз.
Тек заңды емес, жеке тұлғалар да бұл қателіктен зардап шегіп отыр. Оларға жер немесе мүлік салығы бойынша өсім есептелініп отыр. Ал олардың кейбірі бұдан тіпті хабарсыз.
"Халық шетелге шыға алмауда. Тектен-тек кінәлі етуде. Онымен қоймай жіберілген қателік салдарынан салық төлеушілер айыппұл төлеуге мәжбүр. Бұл ретте екінші деңгейдегі банктер де комиссия алады. Мысалы, 10 теңгеге 500-1500-2000 теңге төлеуге тура келеді",- дейді қазақстандық Кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Ермек Әбілдин.
Ал Мемлекеттік кіріс департаментіндегілер болса, егер салық төлеуші бағдарламаның қателігінен оның салық есебі қабылданбағаны туралы білмесе, бұл одан жауапкершілік алынып тасталады деген сөз емес деп отыр. Яғни, салық төлеушілерге есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдардың бәрібір төлеуге тура келеді.