26 қараша, 13:15
Заң бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаладағы барлық жанармай бекеттері мұнай өнімдерін мәліметтер операторының ақпараттық жүйесіне қосылған есептегіш құралдары арқылы сатуы тиіс. Ол мәліметтер ары қарай ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетіне нақты уақытта жіберіліп тұрады, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.
Шымкент қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті мұнай өнімдерін бөлшектеп сатушыларға жанармай құю бекеттеріне есептегіш құралдарды дер кезінде орнатуға кеңес береді.
Өлшем бірліктерін есептеудің мемлекеттік жүйесінде тіркелген және ҚР заңына сай қолдануға рұқсат берілген есептегіш құралдарды қолдануға болады.
АЖБ-ға есептегіш құралдарды орнатпаған жағдайда бөлшектеп сатушыларға қатысты ҚР ӘҚБжК 281-бабының 5-тармағы 8-тармақшасына сай 100 АЕК-тен 300 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл кесіліп, мұнай өнімдерін тәркілеу түріндегі әкімшілік жаза қолданылады.
Қазіргі таңда 197 АЖБ-дан 147 бекет (74,6%) есептегіш құралдарын орнатқан.
Автор:
Татьяна Дроздова