Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны 52 адамға жетті

21 наурыз, 10:21

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны 52 адамға жеткенін хабарлады.

"Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың тағы үш оқиғасы тіркелді. Бүгінгі таңда елімізде коронавирусты тіркеудің 52 жағдайы расталды, оның ішінде Алматыда — 22 жағдай, Нұр-Сұлтанда — 28, Қарағандыда — екі жағдай", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, елімізде коронавирусқа байланысты 16 наурыздан бастап төтенше жағдай енгізілді.