Зардап шеккендер бар: Нұр-Сұлтанда трактор мен қоғамдық автобус соғысып қалды

12 қараша, 11:29

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, алдын ала болжам бойынша трактор №40 жолаушылар автобусына жол бермеген. Оқиға Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында таңғы уақытта орын алған. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасына қатысты мән-жайды анықтап жатыр. Бейресми ақпарат бойынша автобустың 5 жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

"Аталған қиылыста солға бұрылған трактор жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан №40 жолаушылар автобусына жол бермей, салдарынан екеуі соқтығысып қалған», - делінген ведомство баспасөз хабарламасында.