Президенттің ел азаматтарын Сириядан алып кетуге қатысты гуманитарлық операцияның аяқталғаны бойынша мәлімдемесі (ВИДЕО)

09 қаңтар, 16:38

Ақорданың баспасөз қызметі құтқару операциясы туралы деректі ролик ұсынды.

Биыл 6 қаңтарда менің құқық қорғау органдары мен сыртқы істер министрлігіне берген тапсырмам бойынша жүзеге асырылған гуманитарлық операция нәтижесінде Қазақстанның 47 азаматы (арасында 30 бала бар) Сириядан қауіпсіз жерге шығарылды. Олар дағдарыс жайлаған бұл елге алдап апарылған, сонда терроршылар кепілдікте ұстады. Қазақстанға жеткізілген соң әйелдер мен балаларға мемлекет тарапынан барлық қолдау көрсетілді. Осындай қиын жағдайға тап болған бұл кінәсіз жандар өздерінің құтқарылғандарына қатты қуанды. Бір ай бойы олар оңалту орталықтарында болып, тиісті медициналық көмек алды. Қолға алынған іс-шаралар мұндай жағдайдың алдын алуға сеп болады.

Қазақстан өз азаматтарына қай жақта жүргеніне қарамастан әрдайым қолдау көрсетеді. Біздің басты тапсырмамыз – елдің қауіпсіздігін, бірлігі мен тұтастығын қорғауды қамтамасыз ету. Біз өз еркінен тыс ұрыс әрекеттері аумақтарына әкетілген балаларды қайтару жұмысын жалғастыра береміз.