Өзбекстан азаматшалары да бар: Алматыда 16 жезөкше қыз ұсталды

11 қазан, 17:00

Полицейлер жүргізген шара барысында ж​еңіл жүрісті 16 қыз ұсталды. Оның төртеуі Өзбекстан Республикасының азаматшалары. Ұсталған қыздар Сейфуллин даңғылының жанындағы үйлерде жыныстық қызмет ұсынып келген.

«Түрксіб аудандық полиция бөліміне он пәтердің ішінен 16 қыз жеткізілді, олардың төртеуі Өзбекстан Республикасының азаматтары. Әйелдер өздерінің қызметін қонақүйге ұқсайтын жалдамалы пәтерлерде ұсынып келген. Әкімшілік кодекстің 450-бабына сәйкес жалдаудың түпкі мақсатын біле тұра үйлерін жалға берген пәтер иелері де жауапқа тартылады. Өткен тәулікте 10 әкімшілік іс қозғалды, 1 шілдеден бастап сексуалдық жезөкшелікпен айналысуға тартылған адамдардың саны 67-ге жетті», - деді Алматы қалалық криминалды полиция бөлімінің басшысы Жанболат Зиадин.

Бөлімшеге жеткізілген жеңіл жүрісті қыздардан саусақ іздері алынып, олар арнайы тіркеуге алынды. Ал Өзбекстан азаматшаларына қатысты көші-қон қызметінің өкілдері тексеру шараларын жүргізеді. Олардың көші-қон заңдарын бұзғаны анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады және сот шешімімен елден шығарылады.