Өзбекстанда жол апатынан үш қазақстандық қаза тапты

05 тамыз, 14:30

Оқиға Науаи облысының Нұрата ауданында "Нұрата-Жезақ-Фариш" трассасының 136 шақырымында орын алған. Біздің отандастарымыз отырған Daewoo Nexia жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, оқиға орнында 1952, 2013 және 2016 жылдары туылған үш қазақстандық азамат көз жұмды. Басқа үш қазақстандық ауыр халде аудандық аурухананың реанимациясына жеткізілді. Олар есін жиған.

Апатқа ұшыраған барлық қазақстандықтар бір-біріне туысқан болып келді. Қазақстан азаматтығына қарамастан, олар қазақстандық СІМ-нің айтуынша, "Өзбекстаннан шыққандар" болып табылады. Сондықтан қаза тапқандарды сол ел аумағында жерлейді.