Зеленский Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады

13 маусым, 12:00

Украинаның Президенті Владимир Зеленский Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады.

«Украина халқының және өз атымнан сізді Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында жеңіске жетуіңізбен құттықтаймын», - деді Украина Президенті.

Владимир Зеленский сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевты Украинаға іс-сапармен келуге шақырды.

«Екі жақтап күш салу арқылы қос ел арасындағы сындарлы ынтымақты, егемендік пен аумақтық тұтастықты сақтай отырып өзара тереңдете алатынымызға сенімдімін. Осы мүмкіндікті пайдаланып, сізді Киев пен Нұр-Сұлтан арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін беру үшін Украинаға іссапармен келуге шақырамын. Құрметті Президент, Сізге осынау жауапты қызметіңізде мықты денсаулық пен жаңа табыс, ал Қазақстанның дос пейілді халқына бейбітшілік пен гүлдену тілеймін», - делінген құттықтауда.