Украинаның Жоғарғы Радасы Президент Владимир Зеленскийдің инаугурация күнін белгіледі.
Жоғарғы Рада Украинаның Президенті Владимир Зеленскийдің ұлықтау күнін 20 мамырға белгіледі. Шешім бейсенбі, 16 мамыр күні өткен отырыста қабылданды. Шешімді 315 парламентші қолдады. Зеленскийдің өзі 19 мамыр күні инаугурация жүргізуді талап еткен.
Зеленский президенттік сайлауда Петр Порошенконы басып озды.
Оның өкілеттігі мамыр айында аяқталады.
Заңнама бойынша жаңа Президентті ұлықтау
ОСК сайлау нәтижелерін ресми жариялағаннан
кейін 30 күн ішінде, яғни, 3 маусымнан
кешіктірілмей өткізілуі тиіс. Алайда
Жоғарғы Рада рәсім күнін ұзаққа
созбады және Зеленскийдің барлық
ұсыныстарын қабылдаған жоқ. Сонымен
қатар, заң бойынша инаугурация өткізетін
Конституциялық сот басшысы да жұмыстан
босатылған болатын.