Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Киноматография туралы" Заңға қол қойды. Маңызды құжат осы саладағы құқықтық негіздерді орнатуға бағытталған. Атап өтерлігі, бұл заң жобасын бұған дейін сенаттағылар мақұлдаған. Бұл туралы Ақорда мәлімет таратты, деп хабарлайды Elitra.kz.
Заңға сәйкес енді отандық кинотеатрларда қазақ тілінен басқа тілде түсірілген фильмдер мемлекеттік тілдегі субтитрмен, дубляжбен немесе кадр сыртындағы аудармамен көрсетілуі тиіс. Яғни, бұдан былай фильмдерді прокатқа шығарудың тілдік саясаты өзгереді. Ұлттық фильмдер қазақ тілінде (қажет болған жағдайда басқа тілде де), ал қазақ тілінен өзге тілде түсірілген фильмдер көрермен назарына қазақша субтитр, дубляж не кадр сыртындағы аудармамен ұсынылмақ. Тек бұл талапқа сәйкес белгілі бір шектеулі ерекшеліктер болуы мүмкін. Одан өзге бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық фильмдерді мониторнигтеу жүйесі құрылмақ. Нәтижесінде ел аумағындағы фильмдерді есепке алуға мүмкіндік туады.
Тағы бір атап өтерлігі, жаңа заң аясында ұлттық киноны қолдау бойынша мемлекеттік орталық ашылады. Орталықта ұлттық дәрежедегі фильмдер мен киножобалар түсірілмек және оны мемлекет қаржыландыратын болады.