Жалған ақша шығарып келген елордалыққа сот үкімі шықты

04 наурыз, 11:00

Нұр-Сұлтанда жалған купюраларды сауда орындарында таратып келген тұрғынға сот үкімі шықты.

Елордалық Экономикалық тергеулер департаментінің мәліметінше, оқиға өткен жылы анықталған. Арнайы тексеру кезінде жалған купюралар шығарумен айналысқан цех анықталған. Ер адам арнайы техника сатып алып, оңай олжаға кенелгісі келіпті. 5000 және 10000 теңгелік купюраларды шығарып отырған ол жалған ақшаларды базарлар мен дүкендерде таратып келген. Осылайша 150 мың теңгені құрайтын жалған купюралар айналымнан шығарылды. Сот үкімімен ер азамат бес жылға бас бостандығынан айырылды.