Жамбылда көкпар өткізген тұрғын 7 тәулікке қамалды

01 сәуір, 13:01

Жамбыл облысындағы Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылының 37 жастағы көкпар ойынын ұйымдастырамын деп жауапкершілікке тартылды. Ол 7 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұдан өзге тәртіп сақшылары аталған ауданда төтенше жағдай кезінде жаппай іс-шаралар өткізудің тағы бір фактісін анықтады.

"Жуалы ауданындағы Талапты ауылының 46 жастағы тұрғыны жалпы тыйымға және коронавирустық инфекциядан қорғану шараларына қарамастан, үйінде өткен құдылыққа және қызының ұзату тойына қонақтарды шақырған. Заң бұзған әйел адамға ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-бөлігіне сәйкес 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 26510 (жиырма алты мың бес жүз он) теңге айыппұл салынды" деп хабарлады ведомстводағылар.