Жамбылда өнер мектебінің директоры 3 жылға сотталды

12 қараша, 13:00

Жамбыл облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметінше, Шу ауданындағы өнер мектебінің директоры бір азаматты жұмысқа орналастырғаны үшін 150 мың теңге пара алды деп күдікке ілінген. Оған қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталып, директорға қатысты сот үкімі шықты. Ол пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға сотталды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымды қызметті атқару құқығынан өмір бойына айырылды.