18 қараша, 10:35
Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 15 қарашасында «103» жедел жәрдем қызметінен Тараз қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығына кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлады деген хабарлама келіп түскен. Бұл туралы департамент басшысы Арман Оразалиев желі парақшасында жазды.
"Аталған дерек бойынша Жамбыл облысының Полиция департаментімен Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлімі және 121-бабы 4-бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Жамбылдық полицейлер ауыр қылмысты жасаған күдіктіні ізін суытпай анықтап, ұстады. Жәбірленуші күдіктіні таныды. Қазіргі уақытта ол Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды" делінген жазбада.