Жамбылдық құтқарушылар қыздың өмірмен қоштасуына мүмкіндік бермеді

16 сәуір, 13:43

Тараз қаласы Королев көшесі бойындағы салынып бітпеген ғимаратта қыз бесінші қабаттан секіргісі келеді деген хабарлама Жамбыл облысының құтқарушыларына 15 сәуір күні келіп түсті.

Құтқаруға 19 құтқарушы мен 5 арнайы машина жіберілді. Төменгі жағынан тент тартылғанға дейін өрт сөндірушілердің бірі өрт сатысымен жоғарыға көтерілді. Өз өмірін қатерге тігіп, ол өлімге бір қадам тұрған қызды итеріп жібереді. Егер тез әрекет жасалмағанда, өлімге асыққан бойжеткен ойға алғанын іске асыруы бек мүмкін еді.

Қазір қызбен психологтар жұмыс жасап жатыр.