Мемлекет басшысының Өкімімен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап Elitar.kz хабарлайды.
Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев 1958 жылы ОҚО-да дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің зан факультетін бітірген.
1980-1993 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінде ассистенті, оқытушы, доцент, 1993-1994 жылдары - ҚР Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, бөлім бастығы, 1997-1999 жылдары - ҚР Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, ҚР Ыстамбұл қаласындағы Бас консулы қызметтерін атқарған.
1999-2006 жылдары - ҚР Президенті протоколының жетекшісі, 2004-2006 жылдары - ҚР Президенті протоколының жетекшісі - ҚР Президентінің кеңесшісі, 2006-2007 жылдары - ҚР Білім және ғылым министрі болған.
2007-2010 жылдары Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2010-2016 жылдары Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінде болды. АЛ 2016 жылдың 6 қазанында ОҚО әкімі болып қызметін тізгіндеп, 2018 жылыдң 20 маусымында қайта құрылған Түркістан облысына әкім болып тағайындалды.