Қазақстанда аптап ыстық және нөсер күтіледі

10 маусым, 16:00

Алдағы үш күндегі ауа райы болжамы бойынша ұзақ жаңбыр жауып, күн 40 градусқа дейін ысиды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Елімізде 11-13 маусым аралығында ауа райы жаңбырлы болады. Республиканың басым аумағында нөсер жауын жауады. Елдің оңтүстік-шығыс бөлігінде, тау бөктеріндегі аудандарда жауын-шашын мол болады деп болжануда.

Мамандар осы кезеңде көптеген аймақтарда осы климаттық кезеңге тән дәстүрлі көрсеткіштермен салыстырғанда температуралық көрсеткіштердің 3...5 градусқа төмендеуі күтілетінін атап өтті.

Алайда Қазақстанның батыс және оңтүстік-батыс бөліктерінде жауын-шашынның түсуі екіталай. Синоптиктердің айтуынша, бұл күндері ауа температурасы 30...38 градусқа дейін көтеріледі.