Жарма мен сүт өнімдерін алған: Алматыда жас келіншек азық-түлік дүкеніне ұрлыққа түсті

06 сәуір, 12:05

Оқиға Алматы облысында орын алған. Жас келіншек дүкенге түнгі уақытта терезе торын бұзу арқылы кіріп, ішіндегі азық-түлікті қолды еткен. Ұрланған тауарлар арасында жарма, сүт өнімдері мен темекі бар. Сонымен қатар келіншек кассадағы елу мың теңгені де өзімен бірге алып кеткен.

Дүкен иесі ұрлық болғанын тек таңғы уақытта бір-ақ байқапты. Дереу Алматы облысына қарасты Қарасай аудандық полиция басқармасына хабарласқан. Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары күдікті ретінде 32 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Келіншек өз кінәсін мойындап, бұл әрекетке амалсыздан барғанын жеткізген. Айғақты зат ретінде ұрланған тауардың бір бөлігі тәркіленді. Бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 3-бөлігіне сәйкес іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.