Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жедел жәрдем жасақтары мен стационарлық қабылдау бөлімдерінің арасындағы IV республикалық жарыстың ашылуында дәрігерлердің орташа еңбекақысы елдегі орташа жалақыдан екі жарым есе көп болуы керек деді.
Министр Ресейде дәрігерлердің орташа жалақысы бізден екі есеге көп екенін алға тартты.
"Дәрігерлердің еңбекақысын көтеру бойынша нақты қадам жасалуда. 2025 жылға қарай медицина қызметкерлерінің орташа еңбекақысы 500 мың теңге болуы тиіс. Біздің ойымызша, медицина қызметкерлерінің орташа еңбекақысы елдегі орташа еңбекақыдан 2,5 есе артық болуы керек. Осы кезде ғана мамандар тұрақтап, ынтамен жұмыс істейтін болады", - деді Елжан Біртанов.
Айта кетейік, маусым айында медицина қызметкерлерінің еңбекақысын өсті. Біртановтың сөзінше, еңбек өтілі мен санаты төмен мамандардың көбісі қазіргі таңда 120-140 мың теңге алады.