Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқару қызметіне 4 қаңтар күні келіп түскен. Онда белгісіз адамның мәйіті мұз астында көрініп жатқаны айтылған. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар судан әйел азаматының денесін алып шықты. Өзен жағасында бос көлік тұрған. Арнайы қызмет тағы да тексеру жұмыстары кезінде ер адамның мәйітін тапты. Қазіргі таңда бұл жағдай бойынша облыстық Полиция департаменті іс қозғап, сот-медициналық тексеру басталғанын мәлімдеді.