Қазақстан әскерилері жоғалған альпинистерді Жеңіс шыңында тікұшақпен іздеуде. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Қазақстан әскерилері Қырғызстанда Жеңіс шыңын тепловизормен шолғындап, айнала ұшып шықты. Қазіргі уақытта олар базалық лагерьде. Тепловизордың көмегімен алынған ақпаратты өңдеп жатыр. Содан кейін олар бұдан әрі қалай әрекет етуге шешім қабылдайды», - деп атап өтеді ведомстводан.
Еске сала кетейік, алматылық альпинистер тобы Қырғыз тауларында жоғалып кетті.