Суретті блогер Ербол Еділов Telegram-каналында бөлісті.
Блогер Президенттің фотосын жария еткен соң оқырмандарына "Мемлекет басшысының ұлы Тимур Тоқаевтың 2009 жылы "Қазақстан Республикасының Батысқа қатысты стратегиясы" тақырыбында диссертация қорғағанын және оның саясат ғылымдарының кандидаты екенін білесіздер ме?" деп сауал тастады. Төрт мыңға жуық қатысушының басым көпшілігі Президент ұлы туралы білмейтін болып шықты.
Ақпарат ретінде айта кетейік, ашық дереккөздердегі мәліметке сенсек, Тимур Тоқаев Мемлекет басшысының жалғыз ұлы. 1984 жылы дүниеге келген. Ол өзінің атасы, танымал жазушы Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қордың құрылтайшысы, кәсіпкер.