Түркістан облысында иіс газынан екі бала мен анасы көз жұмды

06 қараша, 11:10

Қайғылы жағдай 6 қараша күні Түркістан облысындағы Сайрам ауданы, Манкент ауылында болған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы 1973 жылы туған әйел мен оның 2006 және 2009 жылғы балаларының қайтыс болғанын анықтады.

Газ қызметінің сол мекенжайға келген апатты бригадасының айтуынша, мұржа орнатудың бірнеше тәртібі бұзылған. Нақты айтқанда, VAILLANT екі контурлы қазандығының түтін шығатын құбыры (гофра) үйдің қабырғасын тесу арқылы сыртқа шығарылған. Тексеру кезінде бұл құбыр жылу қазандығынан ажырап тұрған.

Жылу қазандығы желдеткіш жүйесі жоқ, адам тұруға арналмаған бөлмеге орнатылған екен. Қайғылы жағдайдың себеп-салдары енді сот-медициналық сараптама нәтижесінде анықталады