40 жыл бұрын жоғалған әмиян иесіне іздеу салынды

15 мамыр, 15:07

Ана күнін мерекелеу Рейчел Поллард үшін керемет өтті. Әйел саябақта балалармен бірге қыдырып жүрген, кенеттен оның балалары белгісіз затты тауып алғанын байқаған. Алдымен Рейчел табылған затты лақтырғысы келді, бірақ ол заттың әмиян екенін түсінді.

Онда бірнеше ескі құжаттар, Брисбен штатындағы Сент-Люсиядағы университеттің кітап дүкенінің дисконттық карточкасы, жергілікті радиостанцияның флаері және логотипі бар Commonwealth банктік картасы болды. Сондай-ақ, қағаздар ішінде 18 жасар Дженнифер Синклердің куәлігі де бар еді. Онда тұрған не бар дерсіз, бірақ әмиянның жоғалғанына 40 жыл болған.

Австралиялық әйел табылған әмиянның суретін Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялайды. Әмиян жоғалтқан әйел бүгінде 58 жаста болуы керек.

Жарияланған жазба пайдаланушылар арасында тез таралды, көптеген лайктер мен пікірлер жинады. Тіпті парақшадағы жазылушылардың бірі әмиянның иесі жергілікті кісі өлтірушінің құрбаны болуы мүмкін деп болжап, дереу полицияға хабарласуға кеңес берді.

Енді Рейчел Поллард әмиянның иесін табу үшін жергілікті полиция бөліміне өтініш жазбақ.