Кішкентай қызын ауру деп елден ақша жинаған келіншек заң алдында жауап бермек

23 қазан, 17:24

Американдық Келли Рене Тернер краудфандинг (халықтық қаржыландыру) көмегімен 2015 жылы қызының еміне ақша жинай бастаған. Әйел азаматы қызы емделмейтін дертпен ауыратынын айтып, балаға дәрі-дәрмектер мен күтім қажет екенін мәлімдеген.

2017 жылы әйелдің қызы қайтыс болды. Ал медицина қызметкерлері қызда жазылмайтын аурудың болмағанын, ал өлім себебіне анасы кінәлі екенін хабарлады. Эксгумация кезінде де қыздың ешқандай дертке шалдықпағаны белгілі болды.

Енді әйел азаматына балаға қатыгездік танытып, ұрлық және алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр.