Коми тұрғыны байқамай балабақшадан бөтен қызды алып кеткен

16 мамыр, 16:36

Коми Республикасында қызықты жағдай болды. Ер адам өз қызын балабақшадан алып кетуге келгенімен, қателесіп, басқа қызды алып кеткен. Ол мұны үйіне келген соң ғана байқаған.

Аймақтық ІІМ-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 мамыр күні ер адам Усть-Вымск ауданындағы "Сказка" балабақшасына келіп, өзінің қызын алып кетпек болған. Ересектер тобы серуенде жүрген. Ол 6 жасар өзге қызды көлігіне отырғызып, үйіне алып кетеді. Келген кезде оның өз баласы емес екенін түсінген.

Балабақша қызметкерлері жедел түрде полицияға жүгінді. Алайда, ер адамды іздеуге тура келмеді — ол қызды балабақшаға әкеліп, тәрбиешісіне тапсырған. Айта кетерлігі, ІІМ оқиға кезінде Ресей азаматының мас болмаған хабарлады.