Арыс тұрғындары материалдық өтемақы үшін өз үйлерін бұза бастады

13 тамыз, 17:30

Мемлекеттен материалдық өтемақы алу үшін Арыс тұрғыны өз үйін балталаған. Бұл туралы Түркістан облысының баспасөз қызметі хабарлады.

Дәлел ретінде облыс әкімінің баспасөз хатшысы Сәкен Қалқаманов Facebook желісіндегі парақшасына екі видео жариялады.

"Ашкөздік неге әкеліп соқтырады? Арыс қаласының тұрғыны түнгі уақытта балта және сындырғышпен Төле би көшесі, 183 мекен-жайындағы өз үйін қиратты. Бірінші бейнені құрылысшылар түсірді, Сол кезде иесі үйді жөндеу жүргізілетінімен келіспеген еді. Ол жарылыстардан болған шығынды асыра бағалап, үйді бұзуды талап етті. (...) Келесі күні (екінші видео) үй басқаша көрініске ие болды",-деп жазды Сәкен Қалқаманов.



Анықталғандай, ер адам көршінің үйі кірпіштен тұрғызылғанын көріп, осындай шараларға барған.
"Жеке мүлікті саналы түрде бүлдіру - бұл енді тым артық",-деді баспасөз хатшысы

"Мұны қалай атауға болатынын білмеймін. Мәдалиев көшесі, 125 а мекен-жайында тұратын Раманқұлов түнде өзінің бірнеше желдеткіші ғана сынған үйін бүлдіріп, күрекпен үйдің сылағын қырып тастаған. Алғашқы екі фотосурет - дейін, қалғандары - кейін түсірілген. Неге бұлай жасадың деген сұраққа тұрғын "комиссия қашан келеді?" деп жауап берді,- деп баспасөз хатшысы өзінің келесі постындағы фотосуретке түсініктеме береді.

Айта кетейік, Арыста жарылыстардан зардап шеккен ғимараттар мен үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қала қалпына келтіріліп жатыр.