Қазақстандық АвтоБизнес Қауымдастығы жүргізген зерттеу нәтижесінде Шымкент қаласында және Түркістан облысында 2018 жылдың қаңтар-қараша айларында 157 454 автокөлік тіркелді.
Бұл тізімде алда тек Алматы облысы келеді – 158 636 көлік құралы. Алматы қаласының өзінде бұл көрсеткіш 138 874 автокөлікті құрап отыр, ал төртінші орында 93 659 көлікпен Астана қаласы еніп отыр. Алғашқы бестікті Қарағанды облысы қорытындылап тұр (75 519 автокөлік тіркелген).
Жалпы, 2018 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда 1 094 106 көлік құралы тіркеуге қойылған. Бұл 2017 жылдың көрсеткішінен 53 953 көлік құралына көп. Отандастарымыздың арасындағы ең танымал көліктер - Lada, Toyota және Hyundai.