Олар өздерінен ақша жинап алып, артынша жабылып қалған медициналық орталықтан зардап шеккендерін айтты. Қала тұрғындары ақшаны қайтаруды талап етеді. Шағымданушылар Шымкент қаласы Абай аудандық прокуратура ғимаратының жанында жиналды.
"Ол
негізінен қарт адамдарды өзіне шақыратын
жеке медициналық орталық. Тегін емшараға
шақырады. Содан кейін ресімдеу үшін
жеке куәлік сұрайды. Бірақ қарияның
атына несие ресімдейді. Белгілі бір
банктермен келісімдері бар және несені
тез рәсімдейді. Шын мәнінде емдемейді
де, күрделі емес процедуралар жүргізеді.
Ал жақында тіпті орталық жабылып қалды.
Біз өз қаражатымызды қайтарғымыз
келеді", - деді зардап шеккендердің
бірі.
Ведомствоның
баспасөз қызметінен қандай да бір
түсініктеме алу мүмкін болмады. Біз оқиғаның мән-жайын зерделеп көруге тырысамыз.