​Қазақстан тұрғыны шекарада оқ-дәрімен ұсталды

15 наурыз, 12:30

Қазақстан шекарасындағы Қорғас шекара жасағы әйел ұсталып, оның автокөлігінен оқ-дәрі табылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК шекара қызметі.

Шекара қызметкерлері 14 наурыз күні күндізгі 10:30 шамасында «Toyota Prado» автокөлігін тоқтатты. Бұл көліктің рөлінде 1978 жылы туған әйел отырған.

Шетелдік көлік Қазақстаннан Халықаралық шекаралық әріптестік орталығына бет алған.
Шекарашылар көлікті қарап, итті іске қосады. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оң жақ есіктің түбінен шекарашылар калибрі 7,62*39 мм 13 әскери оқ табылды. Олардың шығарылу уақытын анықтау мүмкін болмаған.
«Toyota Prado» автокөлігі тәркіленіп алынып, кеден қызметінің күзетілетін тұрағына қойылды.
Бүгінгі таңда іс материалдары Панфилов аудандық полиция бөліміне берілген.