Аңшы мылтығына арналған оқ-дәрілер 34 жастағы Ресей азаматшасынан табылды. Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, әйел оқиға орнында ұсталды.
Сондай-ақ, Ресейге
шекарадан өткен 34 жастағы қазақстандық
азамат ұсталды, оны "Семей" ӨКП
"Убе авто"шекаралық бақылау
қызметкерлері тоқтатты. Ер адамның
автокөлігінен 8 мм калибрлі "RECK"
газ тапаншасы мен оның патрондары
табылды. Газ тапаншасынан басқа "JSJ
609"маркалы электрошокер табылды.
Тағы
бір қазақстандық гашишты сақтағаны
үшін ұсталды. Оны
Қырғызстаннан Қазақстанға өткен кезде
тоқтатқан. "Ташкент-Уфа"
пойызында шекарашылар
қызметтік иттің көмегімен Өзбекстан
азаматын ұстады, тексеру кезінде одан
кептірілген марихуана
табылды.
Ұсталғандар полиция
бөлімшелерінде.