ІІМ және Шымкент қала полиция департаментінің қызметкерлері бірлескен шұғыл-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Шымкентте 5 қаңтар күні болған жасы кәмелетке толмаған қызды зорлау әрекетін жасаған күдікті анықталып, ұсталды. Ол Алматы тұрғыны болып шықты.
Шымкент қалалық полиция департаментінің шұғыл-тергеу тобының кәсіби және жұмыла әрекет етуінің нәтижесінде қылмыстық қалай болғаны минутына дейін анықталып, күдікті азаматтың қолға кісен салынып отыр. Ұсталған жігіттің қылмысқа қатысы куәгерлердің және жәбірленген қыздың сөзімен расталды.