Кентау тұрғыны арқарды заңсыз атқаны үшін айыппұл төлейді
Кентау тұрғыны арқарды заңсыз атқаны үшін айыппұл төлейді
01 ақпан, 18:33
2019 жылдың 26 қаңтары күні Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері қорыққа қарасты Құрсай сайынан Кентау қаласының тұрғынын ұстады. 1991 жылы туған жігіт Қызыл кітапқа тіркелген Қаратау арқарын заңсыз аулаған.
Оқиға орнынан ұрғашы арқардың еті мен мүйізі, тумаған төлдің денесі мен екі оғы бар, құжатсыз қару табылды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қаратау арқарын заңсыз атудың өтемақысы 500 АЕК-ке тең.